Домбыра Party: Домбыра суықтан қорықпайды

Өткен аптаның эйфориясы тас-талқан бола жаздады. Жалғыз өзім жарты сағаттай отырып, тоңып қалған соң енді қайта бергенімде бірден он шақты адам сау етіп, жинала қойды. Танысы, таныс емесі бар, бәрі патиді арнайы іздеп келе жатқандар екен. Жаңа ғана нәскиден бір шыққан нәстрәение әп-сәтте пәтәлөкке жетіп барды. Содан әнді жібердім. Менің репертуарым таусылғанда, домбыраны Тұрсынхан деген жігіт алды. Мамандығы инженер-құрылысшы екен. Үйді де ән айтқандай салса, жаман маман емес сияқты. ;) Бағасын өздеріңіз берерсіздер.









Иә, бүгін тек Тұрсынхан екеуміз ән айттық. Көрермен қосыла шырқады. Өтіп бара жатқандар әдеттегідей тұра қалып тыңдап, қолпаштап жатты. Бірақ суықтан домбыра қорықпаса да өзім тоңып, бір сағаттан сәл-пәл асыра патиді бітірдік.

Келесі апта күн жылынады деп жатыр ғой. Енді қалып қоймаңыз.
Әрі қарай

Домбыра Party: Reloaded

Сағынып қалыппын. Ән сұрап кеу-кеулеген көрерменді, «Бері әкел домбыраны»,- деп ортаға ұмтылған өнерпазды, жастығы есіне түскен қарияны, таңырқай қараған бөбекті, бәрін сағыныппын. Бүгін құмарымыз қанды. 2017-нің жазындағы алғашқы Домбыра Party рахатқа бөледі де тастады. Блог - Marco: Домбыра Party: Reloaded

Алматы патиларын ұйымдастырып жүрген Сағыныш деген қарындасқа сырттай ырза болушы едік, бүгін өзімен танысып, өнеріне куә болып, қол соқтық. Бір емес бес өлең айтқан еді, видеоға дұрыс жазылғаны осы ғана екен.



Домбыра патидің маған ең ерекше ұнайтын тұсы — өнері бар адамның қарап тұра алмайтыны. Басында қысылса да, қызды-қыздымен күтпеген адамдар сайрап кетіп жатады. Бүгін Асқар деген ағамыз суырылып шықты.



Домбыра тарта алмаса да ән айтқысы келген көрермен көп болды. Бір-екеуін мен сүймелдеген болдым, қалғаны домбырасыз-ақ шырқап жатты. Тағы бір қызық — осы сайттың қолданушысы, Домбыра Party идеясына мұрындық болған жігіттердің бірі Aldeken -нің ұлдары өнер көрсетті. Кішісі Аронға тамсанып тұра беріппіз, ал Ахметті әйтеуір суретке түсіріп үлгердік.

Блог - Marco: Домбыра Party: Reloaded

Қуырдақтың көкесі әдеттегідей пати аяқталар тұста келді. Түрлеріне қарасаң, аузынан ана сүті кетпеген титімдей ғана үш бозбала келе қалды. Сен тұр, мен атайын деген мыңболғырлар екен. Ортаны әбден қыздырды. Ақылтай, Елнұр, Құштар есімді үшеу «Шабыт» колледжінің бірінші курсында оқып жатыр екен. Көп ән айтып еді, камераға ілінгені мыналар ғана.









Шабыт колледжінің студенттерімен қимай қоштасып жатқанда Шабыт университетінің студенттері келе қалмасы бар ма. Бұл жігіттер күйдің шебері екен.









Мереке мен Бақытжанның күйінен алған эйфориямен қайта қойғанды жөн көрдік. Бірақ бұл биылғы патилардың басы екенін ұмытпаңыз. Енді әр бейсенбі, сағат сегізде, Нұржол бульварында кездесеміз
Әрі қарай

Жүректің күйі табылып

Блог - Marco: Жүректің күйі табылып
Концертте, стадионда, ұшақта, бассейнде, «Star Wars» фанаттарының кездесуінде, қой қырқып жүргенде танысып, отбасы құрып, бүгінде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандар туралы талай әңгіме естіген шығарсыз. Қызық қой, иә. Құдай айдап бір жерге барасың да, ойламаған жерден бақытыңды кезіктіресің. Біреу тағдыр дер, біреу жаратқанның жазғаны дер, мейлі, қайсысы екені маңызды емес. Бастысы жүректердің тұрақтайтын айлағы табылды.
Әрі қарай

Адасып барған жиын

Кеше Алматымызда (па, шіркін көсілуді ай деш) Қазконтенттің ұйымдастыруымен «Жаңа медиа баспа БАҚ болшағы» атты үлкен конференция өтті. Айтуларынша жас журналисттерді шақырған екен. Ресми жиын болғасын, ол да әдеттегідей бірнеше бөлімдерден тұрды. Атап айтар болсақ пленарлық бөлімде сөйлеген Қарылға апай, Алмас Алтайдың баяндамалары керемет тартымды болды. Алтай мекемесінің мақсатын толық аша білді.
Әрі қарай

Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

Блог - Marco: Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы
«Біздің ауылда мен сияқтыларды әнші санамайды» — деп еді бірде Алмас. Рас шығар. Алайда өзін әнші атап жүрген кейбіреудің қасында, Алмасты тыңдаған құлақтың өкпесі жоқ. Дәлел керек пе? Міне! Кешегі Party-де Алмастың өнеріне тәнті көрермендері (Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері) арнайылап әкеп, домбыра сыйға тартты. Алмасты білмеймін, мен мәз болдым!
Әрі қарай

Домбыра Party: Сағындырған Party

Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған Party
Араға екі апта салып, Астанада кезекті Домбыра Party өтті. Басқаны білмеймін, өз басым сағынып қалыппын. Тамақ бітіп қалған, қарлыққан дауыспен ән айтқан да болдым.
Әрі қарай

Шу қаласында да ДП өтті

Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтіп жатқан «домбыра пати» шарасы Шу қаласына да жетті. Ойда жоқта жасалған іс-шара болғандықтан қала белсенділері Шу қаласының құрметсіз азаматы Adiletshu деген кісінің бақшасына жинала салды. Жиналғандары көбі Adiletshu деген кісінің інілері болып шықты. Нақтырақ айтқанда төртеуі.
BlogCamp: Шу қаласында да ДП өтті
Әрі қарай

Шоқынғандар

Сіздер біздің айтқан «Домбыра party» атауына қарсы шығып отырмысыздар?
Сіздер Домбыраны көшеге шығып кетті деп байбалам салып жатырмысыздар?
Сіздер домбыраны дұрыс тартпай жүрсіңдер деп айыптап жүрмісіздер?

ТАМАШАЛАҢЫЗДАР ОНДА:

Әрі қарай

Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Блог - Daniar-Alan: Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Алдымен қысқаша тарихына тоқталып өтсек. Пати осыдан дәл бір жыл бұрын 2012-нің жазында Астанада аралас-құралас жүретін жақын достардың кездесуінен бастау алды. Алғашында kerekinfo.kz блогтұғырына баннерлер іліп, оны әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, таныстарымызды, достарымызды шақырып өткізіп жүрдік. Ол кезде қазіргідей нөпір халық емес, қызығушылар аз-тын. Қыдырыстап жүрген адамдардың көбісі аз-кем аялдап, тек ара-арасындағылар ғана аяғына дейін тыңдап кететін. Күн жаңбырлы болса да өткізуге тырысатынбыз. Негізгі тыңдаушылар сол kerekinfo.kz сайтының қолданушылары болса, негізгі орындаушылары да сол керектіктер-тін. 2-3 сағаттап дауыстары қарлыққанша ән айтатын Нұрғиса Асылбек, Алдан Жылгелді, Алмас Алтайдың бұл шараға сіңген еңбегі ұшан теңіз. Жүргізуші Маралбек Сағынғановтың еңбегі де кем соқпайды олардан.
Әрі қарай

Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес.

Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.
Әрі қарай

Алматыдағы оныншы Party

Дұрыс санаған шығармын деп ойлап отырмын.
Кеше Алматыда оныншы патиімізді өткіздік.

Фэйсбукта актер Асқар Наймантаев «келесі патиге әнші домбырашы шәкірттерімді шақырдым» деп жазып еді, шынымен, керемет әнші жігіттер келді.
Әрі қарай

Домбыраға қызығушылығым қалай басталды

Кешегі, Ақтаудағы домбыра патиден керемет әсер алдым. Шыны керек осыған дейін домбыраны тек үйде ғана ойнап келгем. Халық алдына шығуым алғаш рет болды, қобалжу да қорқыныш та болды. Ел алдына сөйлеп жүрген мен жиналыстарды басқарған мүлде басқа екен.
Қолыма домбыраны алғаш рет сонау 90 жылдардың басында алғам. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезіміз еді. Сынып жетекшіміз — Арыстанғалиева Тыныштық өнер сүйетін, ақын адам болатын. Осы кісі баулыған болса керек. Жанұямызда өнер адамы жоқ болатын.
Әрі қарай